Бюджет қаражатын жымқырған «Қазақстан су жолдары» филиалының директоры сотталды


«Қазақстан су жолдары» кәсіпорнының Павлодар облысындағы филиалының директоры А.З.Сейпышев 3 жылға сотталды, деп айтты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.


«Сейпышев тауар-материалдық құндылықтарды жеткізу бойынша жалған шарттар жасау және оларды одан әрі есептен шығару арқылы 18,7 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді. Сот үкімімен Сейпышев кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Данияр Бигайдаров. 


Бұрынғы директор өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Holanews.kz