Хоккей жарыстары уақытша көрерменсіз өтеді


COVID-19 коронавирусына байланысты елімізде болатын барлық хоккей матчы бос трибунада көрерменсіз өтеді, деп хабарлады Қазақстан хоккей федерациясы (QHF).


«Спорт жарыстары өтеді, бірақ көрерменсіз өтетін болады. Бұл – халықаралық тәжірибе. Барлық Еуропа елінде үлкен құрамалар көрерменсіз алаңға шығады. Бізде де осындай шешім қабылданды», - деп мәлімдеді Үкіметінің шұғыл брифингінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. 


Жанкүйерлердің денсаулығына қауіп төнбес үшін 13 наурыздан бастап Қазақстандағы барлық ресми хоккей жарыстары көрерменсіз өтеді. Аталған шектеу шараларының мерзімі туралы Қазақстан хоккей федерациясы қосымша хабарлайды. 

Holanews.kz