Каирде танымал қазақстандық журналист марапатталды


Каирде Халықаралық әйелдер экономикалық форумы (WEF) аясында белгілі қазақстандық журналист Ақмарал Баталова Сириядағы гуманитарлық дағдарысты объективті түрде көрсеткені және Қазақстанның халықаралық аренада бітімгершілік рөлін таныстырғаны үшін «Ерекше артықшылығы бар әйел» марапатын иеленді.


Журналист Сирияға әскери дағдарыс кезінде бірнеше рет ресми түрде келіп, «Хабар24» арнасына репортаждар жасаған.


Сондай-ақ, Баталованың «Sezar Films» продюсерлік орталығының ұжымы Сирия мәселесі, Астана процесі, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмысының нәтижелері туралы деректі фильмдер түсірді.


Енді продюсердің соғыс нәтижесінде зардап шеккен Алеппо қаласындағы түсірілген «Рябина на руинах» деректі фильмі Мәскеу кинофестиваліне қатысады.


Өткен жылы қазақстандық журналист WinTrade халықаралық ұйымының «Жыл әйелі» сыйлығына ұсынылған болатын және Сирия дағдарысының гуманитарлық проблемаларын айқындаудағы объективтілігі сонымен қатар Астана процесінің нәтижелерін паш етуге белсенді күш салғаны үшін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің дипломымен марапатталды.



Holanews.kz