Алматы облысында бойжеткен көпірден секіріп қаза тапты

Алматыда 17 жастағы бойжеткен көпірден секіріп мерт болды


Алматы облысы Талғар қаласында бойжеткен көпірден секіріп кетті. Оқиға 11 наурыз күні орын алған.


Суицид жасаған бойжеткен туралы түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып кетті. Видео авторының сөзінше, өзен өткелінен 11 сыныптың оқушысы секіріп кеткен.


Көпірге келіп жеткен құтқарушылар оның мәйітін судан шығару үшін төмен түсті. Салдарынан жолда кептеліс туындаған. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі аталған жағдай жайлы пікір білдірді. 



"11 наурыз сағат 17:45-те Талғар ауданында 2003 жылғы қыздың өзіне қол жұмсауы фактісі тіркелді. Қазір аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Сот сараптамасы тағайындалды. Жасөсіпірімнің бұл әрекетке не үшін барғандығы анықталуда", - делінген ресми хабарламада. 


Holanews.kz