Кей өңірлерінде ауа-райы нашарлайды


Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш аймағында ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.


Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, секундына 20 метрге дейін жел соғады.


Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшейеді.


Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 28 метрге жетіп, тұман, көктайғақ болады.


Holanews.kz