Алматыда бүгіннен бастап кинотеатрлар жұмысы тоқтады


Алматыда коронавирусқа байланысты бүгіннен бастап театрлар мен кинотеатрлар жабылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғамдық кеңестің отырысында айтты.


«Бүгіннен бастап қаланың театрлары мен кинотеатрлары жабылады. Барлық білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарында, демалыс орталықтарында, мешіттерде эпидемияға қарсы шаралар күшейтіледі», - деді ол.


Қала әкімінің орынбасары соңғы екі апта ішінде санитарлық жұмыстар мен профилактикалық шаралар жүргізілгенін және бұл жұмысты күшейту үшін еріктілердің қолдауы қажет екенін жеткізді.


«13 наурыздан бастап мемлекет есебінен өткізілетін барлық мәдени-спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады. Жеке отырыстар бойынша қатысушылардың санын азайтуға кеңес береміз», - деп толықтырды Ержан Бабақұмаров.








Holanews.kz