Алматы әкімдігі маска шығаратын өндіріс орнын құрмақ


Алматы қаласы әкімдігі маска тапшылығына байланысты өз өндірісін құрады, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.


«Алматыда маска тапшылығы байқалады. Себебі шикізат жоқ. Ол бұрын Қытайдан жеткізілетін. Эпидемияға байланысты импорт тоқтады. Әкімдік қазіргі уақытта қалада немесе облыста маска шығаратын өндіріс орнын ашу мәселесімен айналысуда. Жақын арада біз бұл проблеманы шешеміз деген ойдамын»,– дейді Бабақұмаров.


Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта аурухана, кеден, шекара мен бірінші кезектегі қызметтер үшін маска жеткілікті.

Holanews.kz