Әлемде танымал тұлғалардан кім коронавирус жұқтырды


Әлемге танымал бірнеше танымал тұлғалар мен саясаткерлерлерден бүгінде коронавирус анықталып жатыр.


BBC-дің жазуынша, лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус анықталды.


Артетамен байланыста болған құраманың негізгі құрамы мен клуб мүшелері екі аптаға оқшауланады. «Арсенал» жаттықтыру орталығы жабылып, жақын арада болатын Англия чемпионатындағы клубтың матчтары болмайтын болды.


«Жағдайдың бұлай болғанына өзім де таңқалып отырмын. Көңіл-күйім нашарлай бастағанда бірден тест тапсырған едім. Енді мен жұмысқа мүмкіндік бергенде ғана ораламын, - деді 37 жастағы испандық Артета.


Сенбі күні «Арсенал» «Брайтонмен» ойын өткізу керек болған, бірақ Премьер-лиганың бұл матчын кейінге қалдыруға тура келді.



Бұдан бөлек, Associated Press-тың хабарлауынша, вирус Канада премьер-министрінің жұбайы Грегуар Трюода анықталды.


Лондоннан оралғаннан кейін 12 наурызда Грегуар Трюдода тұмауға ұқсас белгілер болған. Канада премьер-министрінің өзі де оқшауланып, үйден жұмыс істейді.



Бразилия президентінің баспасөз хатшысы Фабио Вайнартнердің де вирус жұқтырғаны анықталды. Өткен демалыс күндері ол ел президенті бастаған делегация құрамында Ақ үйдің басшысы Дональд Трамппен тығыз байланыста болған.


Трамп пен Бразилия тараптары Флоридада кездесті.


Дональд Трамп бұл жаңалыққа әлі жауап берген жоқ, ал Бразилия президенті Джайр Болсонару өзінің анализ нәтижелерін күтіп, барлық кездесулерін тоқтатты.






Holanews.kz