Бірқатар мемлекеттерге жасалатын тұрақты әуе рейстерінің саны қысқартылды


Қазақстанда коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар мемлекеттерге әуе рейстерінің саны қысқартылды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.


«Қазақстан Республикасында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен ведомствоаралық комиссиясының шешімімен келесі елдерге орындалатын тұрақты әуе рейстерінің саны қысқартылды: Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия»,- делінген хабарламада.


Коррнавирустың таралуына қарсы өткен кеңесте әуе рейстер санының қысқаруына байланысты шетелдік әуе компанияларға билеттерді толық көлемде қайтару немесе айыппұлсыз қайта брондауды рәсімдеу ұсынылған.


Айта кетейік, әуе рейстерінің қысқаруына байланысты, ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап тоқтатылған рейстерге билеттері бар жолаушылар билеттерді сатып алу орны бойынша қайтара алады. Жолаушылар барлық сұрақтар бойынша әуе компанияларға келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:









Holanews.kz