Джек Ма АҚШ-қа 1 миллион маска сыйға тартты

Картинки по запросу "Джек Ма"


Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма АҚШ-қа медициналық маска мен коронавирусты анықтайтын тестілерді сыйға тартты, деп жазады ВВС.


Қытай миллиардері Twitter-дегі парақшасына Шанхайда тұрған жүк ұшағының фотосын жариялады.


Бұған дейін ол Америкаға 500 мың тест пен 1 миллион маска сыйға тартатынын мәлім еткен еді.


«Джек Ма Еуропаға да бірқатар медикаменттер жіберіп жатыр. Ол пандемиямен күресу үшін халықаралық ынтымақтастыққа шақырды», - деп жазады ВВС.


Оның айтуынша, компания Жапония, Оңтүстік Корея, Италия, Иран мен Испанияға да медикаменттер жеткізген. Сонымен қатар қазіргі таңда бүкіл Еуропаға тарату үшін 2 млн маска дайындап жатыр. 

Holanews.kz