«ҚазМұнайГаздың» екі қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді


«ҚазМұнайГазд» ҰК АҚ-ның орталық аппаратының екі қызметкері коронавирустық инфекцияны жұктыруы мүмкін деген күдікке ілінді. Алайда тест нәтижелері теріс нәтиже көрсеткен.


Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге бір ұшақта болған. Екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған.


Қызметкерлер алгоритмге сәйкес COVID-19 бар-жоқтығын анықтау үшін тест тапсырып, оның нәтижелері теріс болып шықты.


«Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы» Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес аталған қызметкерлер «ықтимал байланыс» санатына жатқызылды. Қазіргі уақытта олар үйдегі карантинге орналастырылды»,-делінген хабарламада. 


Holanews.kz