Алматыда жалған ақша жасайтын цех анықталды


Алматыда жалған ақша жасайтын астыртын цех әшкереленді, деп жазады ҚазАқпарат.


Қалалық Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, бұл цехте номиналы 10 мың теңгелік банкноттар шығарылып, Алматы қаласы мен облыс шеңберінде айналысқа кеткен.


Департамент аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғап, 2 адамды ұстады.


Олардың пәтерін тінту барысында ноутбук, түрлі-түсті принтер, су белгілері бар арнайы қағаздар, бояу құйылған құтылар, номиналы 10 000 теңге болатын көркем сурет парақтары, банкнот бедерлейтін құралдар, канцелярлық тауарлар, 220 000 теңге сомасында жалған ақша табылды.


Қазір бұл іс бойынша сараптамалар тағайындалды.

Holanews.kz