Голливуд актрисасы Ольга Куриленко коронавирус жұқтырды

Картинки по запросу "ольга куриленко"


Голливуд актрисасы Ольга Куриленко коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жария етті.


«Мен үйде коронавирус диагнозымен оқшауланып отырмын. Ауырып жатқаныма бір аптадай болды. Температура мен әлсіздік - менің негізгі белгілерім. Бұл жағдайғы немқұрайлы қарамаңыздар. Сіздер де сақ болыңыздар! » - деп жазды актриса.



Ольга Куриленко 1979 жылы Украинада дүниеге келген. 2000 жылдардың басында актриса Украина азаматтығын французға ауыстырды, қазіргі уақытта Лондонда тұрады. Ол, атап айтқанда, «Париж, мен сені сүйемін» (2006), «Сағыну» (2013) фильмдерінде танымал болды. Ольга Куриленко «Квант молосердия» фильміндегі Джеймс Бонд қызының рөлін ойнаған.


Holanews.kz