Мешітте жұма намазын оқуға шектеу қойылды


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төтенше жағдайда мешітте жұма және бес уақыт намаз оқуға қатысты мәлімдеме жасады.


Діни басқарманың хабарлауынша, ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат береді. Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына, мал-мүлкіне, бала-шағасы мен отбасы мүшелеріне әлдебір залал тиетін болса, шариғатымыз оның мешітке келіп, бес уақыт намазды жамағатпен оқуын, тіпті жұма намазға қатысуын міндеттемейді.


Осы ретте діни басқарманың ғұламалар кеңесі елімізде жарияланған төтенше жағдайды ескеріп, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасына қатысты мынадай мәлімдеме жасады:






Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге, халықты дүрліктірмеуге және Алла Тағалаға дұға етуге шақырады.





Holanews.kz