Қазақстан мен Ресей арасындағы пойыздар қозғалысы тоқтатылды


Қазақстан мен Ресей арасындағы жолаушылар пойыздары коронавирусқа байланысты 17 наурыздан бастап тоқтатылды, деп хабарлады "Ресей темір жолдары" компаниясы.


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның хабарламасына сәйкес және жаңа коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 17 наурыздан бастап арнайы нұсқаулықтарға дейін тікелей халықаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды", - деп жазылған Ресей темір жолдарының хабарламасында.


Тасымалдаушы тоқтатылған пойыздарға пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қосымша төлемдерсіз қайтарып алуға кепілдік береді.


"Ақшаны қайтарып алу үшін жолаушылар билетті сатып алған мемлекеттің аумағындағы билет кассасына хабарласуы керек. Жолаушылар электронды жол жүру құжаттарын олар рәсімделген веб-ресурстар арқылы тапсыра алады", - деп түсіндірді компания.


Уақытша тоқтатылған пойыздар тізімінде:


Holanews.kz