Францияда азаматтарға сыртқа шығуға тыйым салынды


Франция коронавирусының таралуымен күрес мақсатында азаматтардың жүріс-тұрысына шектеу қойды, деп хабарлайды dw.com.


«17 наурыздан бастап азаматтар үйінде болуы керек, сыртқа тек азық-түлік алуға, дәрігерге қаралуға және жұмысқа бару үшін ғана шығу керек», - деп мәлімдеді Франция президенті Эмманюэль Макрон.


Аталған шара кем дегенде 15 күнге жалғасады. Ал Еуроодақ ішкі шекараларды 17 наурыздан бастап жабатынын хабарлады.


Бірнеше сағат бұрын Еурокомиссия төарағасы Урсула фон дер Ляйен жаңа коронавирустың таралуына байланысты ЕО аумағына кіруге уақытша тыйым салу туралы ұсыныс жасады.




Holanews.kz