Қазақстанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырған


Қазақстанда 17 наурыз сағат 09.00-де жағдай бойынша коронавирустың тағы 3 фактісі анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.


"Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы үш жаңа оқиғасы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 13 жағдайы расталды, оның 11-і Алматыда, 2-і Нұр-Сұлтанда",-делінген хабарламада.


Жұқтырғандардың арасында 2018 жылғы кіншкентай қыз бала бар. Ол Берлин-Минск-Алматы ұшағында 13 наурыз күні ұшып келген. Қазір нәресте Алматыдағы балалар инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Екінші және үшінші науқас Мәскеу қаласынан ұшып келген 1966 және 1956 жылғы азаматтар.



Holanews.kz