Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі кейінге қалды


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының коронавирусқа байланысты жоспарланған кезекті жекпе-жегі кейінге қалды.


«Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінге қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. Үш ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк (Top Rank Promotions компаниясы) спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram -дағы парақшасында.


Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі 28 наурызда өтуі тиіс болған. Оның қарсыласы ганалық боксшы Самир екені хабарланған.

Holanews.kz