Сарыағаш соты журналист Батырбековті ақтады


16 наурыз күні Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты "Заңғар Медет" қоғамдық қорының төрайымы Ләйла Дарханбаеваның журналист Амангелді Батырбековтің үстінен түсірген "Қорлау", "Жала жабу" баптары бойынша шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Азаттық.


Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Каипов Батырбековтің Дарханбаеваның шағымы бойынша ақталғанын айтты. Бұл ақпаратты Батырбековтің өзі де растады.


«Батырбековтың Facebook парақшасына "Ләйла Дарханбаева алаяқ па әлде өтірікші ме?" деген жазбасына байланысты сот сараптамасының қорытындысы шықты. Сараптама қорытындысында Батырбековтің жазбасында Дарханбаеваның ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін қорлау сөз жоқ екені жазылған», - деді Каипов.


Ләйла Дарханбаева сот үкіміне қатысты комментарий бермеді. Ақталған Батырбеков «соттың үкімімен келісемін» деді.




Holanews.kz