«Қазақфильм» ең танымал туындыларын YouTube-арнасына шығарды


«Қазақфильм» киностудияның алтын қорына енген танымал туындыларды тегін көрсетілімге шығарды. Енді фильмдерді киностудияның YouTube желісіндегі арнасынан көре аласыздар.

 

Бүгіннен бастап қазақтың алғашқы дыбыстық «Амангелді» фильмі (реж. М.Левин, Ленфильм, 1938 ж.), «Қыз-жігіт» (реж. П.Боголюбов, Алматыкөркем және хроникалық киностудиясы,1955ж.), «Менің атым Қожа» (реж. А.Қарсақбаев, «Қазақфильм», 1963ж.), «Мәншүк туралы дастан» (реж. М.Бегалин, «Қазақфильм», 1969ж.), «Көксерек» (реж. Т.Океев, «Қазақфильм», 1973ж.), «Гауһартас» (реж. Ш.Бейсембаев, «Қазақфильм», 1975ж.), «Транссібір экспрессі» (реж. Э.Оразбаев, «Қазақфильм», 1977ж.), «Кардиограмма» (реж. Д.Өмірбаев, «Қазақфильм», 1995ж.), «Қыз жылаған» (реж. С.Нарымбетов, «Қазақфильм», 2002ж.) және т.б фильмдер желіге салынды.


Youtube арнасында одан бөлек тәуелсіздік жылдары жарық көрген 4 толықметражды және 15 қысқа метражды анимациялық фильмдер, сонымен қатар қазақ киносының классигі - Шәкен Аймановтың толық фильмографиясы бар.

 

Сонымен қатар, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты «Артишок» театры бүгін танымал «Ер-төстік» спектальін тікелей эфирде қоятын болады. Қойылымды бүгін Алматы уақытымен 20: 30-да теартдың Youtube-тағы https://www.youtube.com/teatrartishock парақшасынан көре аласыздар. 

Holanews.kz