Алматыда ер адамды өлтіріп, әйелін зорлаған қылмыскерлер ұсталды

Картинки по запросу "қылмыскерлер"


Алматы облысындағы Жаңа дәуір ауылының іргесіндегі кәріз жүйесі құдығынан ер кісінің денесі табылды. Ал күдіктілер болса, марқұмды ұрып-соғып құдыққа тастағанға дейін оның әйелін зорлағанын мойындап отыр, деп хабарлайды Polisia.kz.


Құдықтағы адам мәйіті туралы хабар Іле аудандық полиция басқармасына 11 наурыз күні түскен. Жедел-тергеу тобы іске кірісіп, марқұмның кім екенін анықтады. 57 жастағы азамат шаруа қожалықтардың бірінде жұмыс істеген. Полицейлер күдікті ретінде тұрғылықты жері жоқ 25 пен 42 жастағы екі адамды тұтқындаған және олар өз кінәсін мойындап отыр.


Құқық қорғау органдарының айтуынша, күдіктілер ішімдік ішіп, мастықтың буымен таңғы 5-тер шамасында марқұмның үйіне баса-көктеп кіріп барған. Үй иесін ұрып-соғып, әйелін зорлаған. Кейін олар ерлі-зайыптыны ауыл сыртындағы кәріз жүйесінің құдығына тастаған. Үйдің қожайыны алған жарақатынан құдық ішінде қайтыс болған. Ал қаскүнемдер қолынан қашып шыққан әйел полицияға хабар береді.


Аталған дерек сотқа дейін тергеп-тексерудің біріңғай жүйесінде тіркеліп, қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша іс ашылған. Сондай-ақ, осы кодекстің 120, 121-бабының 1-бөлігі (зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша тағы да қылмыстық іс тіркелген.

Holanews.kz