Мәскеуде COVID-19 жұқтырған екі адам қайтыс болды


Мәскеуде коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды, деп жазады РИА Новости.


Жедел штаб мәліметінше, науқастардың жасы 88 және 73-те болған. Олардың пневмониясы расталып, оған сәйкес ауытқуы болған.


Штабтағылардың айтуынша, қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар оқшаулау режимін қатаң ұстануы керек.


Қазір коронавирус 170-тен аса елде анықталып отыр. ДСҰ-ның мәліметінше, жалпы 475 мың адам ауру жұқтырған.


Ал Қазақстанда 88 адам коронавирус жұқтырған.

Holanews.kz