Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың жаза мерзімі өзгертілді


Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтың бас бостандығынан айыру мерзімі өзгертілді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.


2020 жылғы 26 наурызда Чангвон қаласында ҚР азаматы Сырым Шәрібекке қатысты іс бойынша апелляциялық соттың қорытынды отырысы өтті. Сот отырысына қазақстандық дипломаттар да қатысты. Кореядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен аудармашы қызметі ақысыз негізде ұсынылды. 


Тыңдау барысында сот бұрын шығарылған үкімді (2 жыл 6 ай) тым қатаң деп санап, бас бостандығынан айыру мерзімін түзеу жұмыстарымен қоса алғанда 2 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қорғау тарапының Корея Республикасының Жоғарғы Сотына 7 күн ішінде аппеляцияға беру құқығы бар. Аталған уақыт бойы С. Шәрібек тергеу изоляторында болады, ал апелляция болмаған жағдайда Чангвон қаласының түрмесіне ауыстырылады.


Жазаны өтеу мерзімі ұсталған сәттен, яғни 2019 жылғы 14 қазаннан бастап есептеледі. Осылайша, жазаның жалпы мерзімі 1 жыл 6 айды құрайды. Біздің отандасымыздың жағдайы жақсы, оның ешқандай шағымы жоқ.


Holanews.kz