Коронавирустан жазылған екі адам Алматы тұрғыны болып шықты


Коронавирустан жазылған 2 адам Алматы тұрғындары болып шықты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 


«Коронавирустан Алматыда екі адам емделді. Олар ертең ауруханадан шығады», - деді баспасөз қызметінен. 


Бұған дейін, коронавирустан Қазақстанда 2 адам жазылғанын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтқан болатын. 


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті.

Holanews.kz