Шымкент пен Таразда жер сілкінісі болды


Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 617 шақырым қашықтықта, Өзбекстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының Сейсмикалық стансалар желісі.


«Зілзала Алматы уақытымен 26 наурыз 10 сағат 46 минут 00 секундта тіркелді. Энергетикалық класы – 11. Магнитудасы - 4.8. МSК-64 шкаласы бойынша Шымкент қаласында 2-3 балдық, ал Таразда 2 баллдық баллдық жер сілкінісі сезілген» делінген хабарламада.
Holanews.kz