Испания вице-премьері COVID-19 вирусын жұқтырды


Кеше Испания үкіметі вице-премьер Кармен Кальво COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі жазады.


24 наурыз күні Кальво коронавирусқа сынама тапсырған. Бірінші тест вирус жұқпағанын көрсеткен. Алайда дәрігерлер оны нақты қорытынды деп санауға болмайтынын айтқан. Вице-премьерден тест тағы бір рет алынып, ол оң болып шыққан.


Испания үкіметінің хабарлауынша, 63 жастағы Кармен Кальвоның жағдайы жақсы, қазір ол барлық қажетті медициналық көмекті алуда.


Испанияда осы вирустан 738 адам қаза тапқан.

Holanews.kz