Ер адамға айыппұл салынуы мүмкін


Өскемен қаласының тұрғыны «1406» call-орталығына хабарласып, коронавирус жұқтырғанын айқан, деп хабарлады қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметі.


Ер адам 25 наурызда тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа қоңырау шалған. Ол операторға Таиландттан келгенін және ЖРВИ белгілері бар екендігін айтқан.


«Дереу жеткен мамандар 39 жастағы тұрғыннан вирустық инфекцияның белгілерін байқамады. Дені құлан-таза сау азаматтың ішімдік ішіп алғаны белгілі болған. Сондай-ақ тексеру кезінде өскемендіктің шетелге шықпағаны анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Жалған мәлімет бергені үшін ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Holanews.kz