Коронавирустан көз жұмған әйел Ақмола облысының тұрғыны болып шықты


Қазақстанда алғаш болып корнавирустен қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.


«Бүгін интенсивті терапияның қолданылуына қарамастан ауруханада Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны, әйел адам қайтыс болды. Себеп – екі жағы тұтасқан пневмония, тыныс алуының қиындығы, қант диабеті кезіндегі сепсис, атеросклероз гипертониясы. Өкпенің қабынуының себебі – коронавирус. Ақмола облысында тұрады деп жазылған бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында облыстық көпсалалы ауруханада жатты. Оқиға географиялық жағынан алғанда Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан тіркеу де осы жерде жүргізілді. Осыған қарай біз де медициналық статистикамызды Ақмола облысына жатқызып отырмыз. Осы себепті ертең бифингте қосымша мәліметтер айтылады»,-делінген хабарламада.



Holanews.kz