Пандемия жарияланғалы Қазақстанға қай елдер гуманитарлық көмек жіберді


Пандемия жарияланғалы Қазақстанға ондаған мемлекет гуманитарлық көмек жіберген. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы Берік Шәріп денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында берген сұхбатында айтты.


«Жыл басынан бері Сыртқы істер министрлігі жүргізген жұмыстардың арқасында АҚШ-тан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Жапония, Ресейден гуманитарлық көмек алдық. Сапасы мен саны жағынан көмек сипаты әртүрлі болды. Мәселен кейбір елден жеке қорғаныс құралдары жеткізілсе, кейбер елден дәрі-дәрмек келіп жатты. Мәселен соңғы реттік саны бойынша Түркия Қазақстанға біршама дәрі-дәрмек жіберді», - деді Берік Шәріп.


Оның айтуынша, гуманитарлық көмектің ауқымы кең. Барлығы 47 мың қорғаушы комбинезон, жарты миллионға жуық маска, COVID-2019 ауруын анықтайтын 80 мыңға тарта тест жүйесі, коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмекті, гидрослихлорин, хлорино-фосфат, төрт қабатты маска келген.

Holanews.kz