Карантин уақытында қызметкерлерімен моншаға барған әкім «сөгіс» алды

Карантин кезінде қызметкерлерімен бірге моншаға барған Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі «сөгіс» алды. Облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесі мүшелері шенеуніктің мәселесін қарап, осындай тәртіптік жаза тағайындады, деп жазады ҚазАқпарат.

Шардара ауданының әкімі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы бола тұра, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болғаны анықталған.

Сонымен қатар, олар қызметтік автокөліктің жұмыстан тыс уақытта пайдаланған. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңестің шешімен Шардара ауданының әкімі Қ.Жолдыбайға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Сондай-ақ, аудан әкімінің аппарат басшысы Ғ.Амантайға және Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш. Райхановқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.


Видео: Ардак Сейтказин


Holanews.kz