Украинада карантин 22 маусымға дейін ұзартылды


Украинаның Министрлер кабинеті коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында карантинді 22 маусымға дейін ұзарту және эпидемияға қарсы іс-шараларды біртіндеп жұмсарту туралы қаулыны жариялады, деп жазады Укринформ.


Қаулы сәрсенбі күні қабылданған.


Құжатта коронавирусты болдырмау үшін «Украина аумағында 2020 жылдың 11 наурызында Украина Министрлер кабинетінің №211 қаулысымен жарияланған карантинді ұзартып» 22 мамырдан бастап 22 маусымға дейін ұзарту қарастырылған.

Holanews.kz