АҚШ-та 15 жастағы қазақстандықты атып кетті

Сурет: жеке мұрағатынан


АҚШ-тың Шарлотт қаласында күндіз 15 жастағы қазақстандықты ұрылар атып кетті, деп жазады Charlotte Observer басылымы. 


Басылымның жазуынша, жеткіншекті ұрылар атып кеткен. Роман есімді қазақстандық BMW автокөліктерін сатып алып, оларды жөндеп, қымбатқа сатумен айналысқан. Қылмыскерлер Романды 16 жасына толуына бір ай қалған кезде өлтіріп кеткен. 


Жарақаттанған бозбала көп ұзамай ауруханада көз жұмған. Артынша полиция 18 жастағы күдіктіні қолға түсірген.  


Роман отбасымен бірген АҚШ-қа 2014 жылы Семей қаласынан көшіп барған. Ол отбасының тұңғышы екен. Жергілікті тұрғындар жерлеу рәсімдеріне шығынына 41 мың доллардан астам ақша жинапты. 

Holanews.kz