БАҚ: Рамзан Қадыровтан коронавирус белгілері анықталып, ауруханаға жеткізілді

Фото: ТАСС

Шешенстан республикасының президенті Рамзан Қадыровтан коронавирус белгілері байқалып, Мәскеудегі емханалардың біріне ұшақпен жеткізілді, деп жазады Baza және Интерфакс агенттігі.

Бірақ ақпарат ресми түрде расталмады.

"Қадыровтан коронавирус белгілері байқалған, дәрігерлер бақылауына алынды" деп жазды "Интерфакс" агенттігі Мәскеудегі медицина қызметкерлерінің біріне сілтеме жасап.

ТАСС агенттігі де осыған ұқсас ақпарат таратты.



Baza сайтының жазуынша, Қадыровтың өкпесі ауырған. Бұған дейін сырқаттанған кезде тұмауға шалдыққан. Соңғы күндері жағдайы күрт нашарлаған.



Holanews.kz