Қазақстанның әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келтіріледі


Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келтіріледі, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 


Еліміздің барлық әуежайлары жұмыс істей бастайды, ал әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейтін болады. 


Сонымен қатар, 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына ұшулар қайта ашылады:


«Air Astana»

1. Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;


«SCAT»

1. Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады.

2. Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды.


«Qazaq Air»

1. Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен;

2. Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.


«Fly Arystan»

1. Шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды.


Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігермен бекітілген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады:



Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың көбейетінін ескере отырып, қалалар арасында рейстер санын сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып әуе компаниялары анықтайды.


Holanews.kz