Алдағы демалыста күн ыстық болады


Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.


Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Сондықтан барлық аумақта дерлік жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.


Алайда кей жерлерде жел күшейеді. 


Оңтүстік және батыста шаңды дауыл соғады. Тек бірінші күні атмосфералық фронттардың ықпалымен батыс өңірлерде кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Holanews.kz