ШҚО-да карантин 1 маусымға дейін ұзартылды


ШҚО-да карантин режимі 1 маусымға дейін ұзартылды. Облыс аумағында карантинді ұзарту туралы ресми құжат бүгін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.


Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVІD -19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық ахуалдың өршуі (7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі 12,5%), Семей қаласында (7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі 17,7%) және таралуының ықтимал қатерінің болуы анықталған.


Holanews.kz