Біртанов Алматыда коронавирустан емделіп жатқан пациенттермен кездесті


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматығажұмыс сапары барысындажаңадан салынған жұқпалы аурулар ауруханасына барып, коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан пациенттердің жағдайын білді, деп жазады ҚазАқпарат.


Министр модульдік кешенде орналасқан «И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» филиалында еңбек етіп жатқан дәрігерлермен жүздесті және науқастардың да жағдайын сұрады. 



Аталған жұқпалы аурулар ауруханасында 280 төсек-орын, 6 клиникалық бөлімше, 28 төсектік реанимация бөлімшесі бар. 


Медициналық жабдықтар: рентген жүйесі, компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, эндоскопиялық жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, мониторлар, перфузорлар және тағы басқалары орнатылған әрі жұмыс істейді. 



Министр әріптестеріне қиын да, жауапты сәтте көрсеткен адал қызметтері үшін алғыс айтты. 

Holanews.kz