Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Пәкістанның Лахор қаласынан Карачи қаласына ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады, деп жазады Dispatch News Desk.

Pakistan International Airlines (PIA) компаниясының Airbus A320 ұшағы Карачидегі тұрғын үйлердің біріне құлаған. Салдарынан бірнеше үй бүлінген.

Пәкістан авиация әкімшілігінің өкілі Абдул Саттар Хохардың айтуынша, ұшақта 99 жолаушы мен сегіз экипаж мүшесі болуы мүмкін екен, алайда бұл мәлімет әзірге расталмады. Қаза тапқандардың саны нақтыланып жатыр.



Болжам бойынша, ұшақтың құлау себебі техникалық ақау болуы мүмкін.






Holanews.kz